City Stay - Алматыдағы апарт-қонақ үй

City Stay апарт-қонақ үйінде тұру ережелері

Құрметті қонақтар! CITY STAY апарт-қонақ үйін таңдағаныңыз үшін рахмет. Тұру ережелері мен ішкі тәртібімен танысуыңызды сұраймыз. Біздің қонақ үйге тіркелу арқылы Сіз төмендегі тұру ережелерімен келіскеніңізді растайсыз.

Апарт-қонақ үйге кіру уақыты — 14:00-ден бастап.

Есеп сағаты (шығу уақыты) — 12:00-ге дейін.

Ерте кіру мен кеш шығу мүмкіндік болған жағдайда беріледі және қонақ үйдің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төленеді. Тіркелу кезінде қонақтар жеке куәлігін көрсетіп, тіркеу картасын толтыруға міндетті. Құжаттар болмаған жағдайда қонақ үй орналастырудан бас тартуға құқылы.

Нөмір құнына кіреді:

  • Таңғы ас
  • Жеке тұрақ
  • Wi-Fi интернет
  • Конференц-бөлмелерге арнайы тарифтер

3-ші адамның тұру бағасы – 10 000 теңге.

Балалардың тұру бағасы:

  • 6 жасқа дейін – тегін (бір баладан артық емес, қосымша кереует берілмейді)
  • 6-дан 12 жасқа дейін – 7 000 теңге
  • 12-ден 16 жасқа дейін – 10 000 теңге

Балалармен тіркелу кезінде әр балаға құжат көрсету міндетті.

Трансфер қосымша 8 000 теңге төлем арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.

Қонақ келмеген, кеш бас тартқан немесе брондауды өзгерту туралы уақытында хабарламаған жағдайда қонақ үй бір тәуліктік тұру құнын айыппұл ретінде ұстауға құқылы.

Early / Late

  • 06:00-ге дейін кірген жағдайда толық тәулік төленеді.
  • 06:00-ден 14:00-ге дейін кірген жағдайда нөмір құнының 100%-ы төленеді.
  • 12:00-ден 18:00-ге дейін шыққан жағдайда нөмір құнының 50%-ы төленеді.
  • 18:00-ден кейін шыққан жағдайда толық тәулік төленеді.

Тұру ақысы тіркелу кезінде төленеді, егер брондау шарттарында өзгеше көрсетілмесе. Қолма-қол ақша, VISA, MASTERCARD банк карталары, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін қолма-қол емес есеп айырысу қабылданады. Қонақ үй тұру кезеңіне кепілдік депозит енгізуді сұрауға құқылы.

ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес қонақ үй тіркелу кезінде бір тәуліктік тұру құны мөлшерінде кепілдік депозит алуға құқылы. Депозит мүмкін зиянды, тұру ережелерін бұзуды немесе төленбеген қызметтерді жабуға арналған. Депозит барлық ережелер сақталған және мүлік зақымданбаған жағдайда шығу кезінде қайтарылады.

Қонақ қоғамдық тәртіпті, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қонақ үй мүлкіне ұқыпты қарауға, басқа қонақтардың тыныштығын бұзатын шу шығармауға, нөмір жабдықтарын мақсаты бойынша пайдалануға міндетті. Нөмірден шыққан кезде терезелерді жабу, электр приборларын, жарықты, суды сөндіру және есікті құлыптау қажет.

Қонақ қонақ үй мүлкінің сақталуына материалдық жауапкершілік көтереді. Жиһаз, техника, тоқыма, сантехника және басқа мүлік бүлінген, жоғалған немесе зақымдалған жағдайда қонақ келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті.

Қонақ үй нөмірде және қонақ үй аумағында қараусыз қалдырылған ақша, құжаттар мен басқа заттар үшін жауапты емес.

Қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық аймақтар мен тұрақта бейнебақылау жүргізіледі.

Нөмірлерде, ванна бөлмелерінде, балкондарда, ашық балкон есіктерінің жанында және қонақ үйдің бүкіл аумағында темекі шегу қатаң тыйым салынған. Тыйым сигареттерге, вейптерге, кальяндарға, табак қыздыру жүйелеріне және ұқсас құрылғыларға қолданылады.

Темекі шегу анықталған жағдайда бір тәуліктік тұру құны мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ нөмірді озондау мен химиялық тазалау шығындары ұсталады.

Апарт-қонақ үйде үй жануарларымен тұруға рұқсат етілмейді.

Қонақ нөмірдің электрондық кілттерін ұқыпты сақтап, шығу кезінде тапсыруға міндетті. Кілт жоғалған жағдайда апарт-қонақ үй тарифіне сәйкес айыппұл алынады.

Қонақ үй ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте шетелдік азаматтардың келуі туралы ҚР миграциялық органдарына хабарлама жасайды.

Апарт-қонақ үйге тіркелу арқылы қонақ қонақ үй қызметтерін көрсету, ҚР заңнамасының талаптарын орындау, миграциялық және бухгалтерлік есеп мақсатында дербес деректерді (Т.А.Ә., паспорт деректері, байланыс ақпараты) жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім береді.